ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Президент сұхбаты – жаңғырудың айқын бағдары

Президент сұхбаты – жаңғырудың айқын бағдары

Әлеумет 05.01.2026, 11:39 553
Президент сұхбаты – жаңғырудың айқын бағдары
Almaty-akshamy.kz
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан газетіне» берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты бүгінгі қоғамның жай-күйін таразылап, ел дамуының алдағы бағытын айқындап...

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан газетіне» берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты бүгінгі қоғамның жай-күйін таразылап, ел дамуының алдағы бағытын айқындап берді.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңызын ашып көрсетіп, олардың түпкі мақсаты – әділетті мемлекет, инклюзивті экономика және жауапты қоғам қалыптастыру екенін нақты атап өтті.

Президент ерекше мән берген басым бағыттардың бірі – әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндік. Бай мен кедей арасындағы алшақтықты азайту, табысты әділ бөлу, әлеуметтік қолдаудың нақты мұқтаж азаматтарға жетуін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеті екені сұхбат барысында нақты айтылды. Бұл – қоғамның ең өзекті сұраныстарына берілген шынайы әрі батыл жауап. Сонымен қатар Мемлекет басшысы білім мен ғылымды, мәдениет пен руханиятты ұлттың ұзақ мерзімді дамуының өзегі ретінде қарастырады. Елдің болашағы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, ең алдымен адам капиталының сапасымен, тәрбиелі әрі жауапкершілігі жоғары азаматтармен өлшенетіні нақты атап өтілді. Осы орайда мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, білім сапасын арттыру стратегиялық басымдық болып қала бермек.

Сұхбатта заң үстемдігі, әділ сот жүйесі және жемқорлықпен жүйелі күрес мәселелері де кеңінен қозғалды. Мемлекет тек талап қоятын емес, заң алдында өзі де жауап беретін құрылымға айналуы тиіс деген ой – азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың басты алғышарты екені сөзсіз.

Өңірлердің тең дамуы, ауылды қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері де сұхбатта нақты көрініс тапты. Бұл бағыттағы бастамалар өңірлердің әлеуетін толық пайдаланып, әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретіні анық. Сондай-ақ Президент қоғамдық диалог пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын ерекше атап өтіп, Жаңа Қазақстанды тек билік емес, бүкіл қоғам болып бірлесе құру қажеттігін баса айтты. Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, реформалардың белсенді қатысушысына айналуы тиіс деген маңызды үндеу жасалды.

Мемлекет басшысының бұл сұхбаты жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанның айқын бағытын, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін және ортақ мақсатқа негізделген даму философиясын көрсететін маңызды саяси мәлімдеме болды. Президент белгілеген сара жол – елдің тұрақты дамуы мен ұлт болашағына бастайтын сенімді бағдар. Осы жолда бірлесе еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.