ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Президент сайлауы қарсаңында тәуелсіз «Бақыла» қоғ...

Президент сайлауы қарсаңында тәуелсіз «Бақыла» қоғамдық қозғалысы құрылды

Саясат 17.10.2022, 11:49 2,295
Президент сайлауы қарсаңында тәуелсіз «Бақыла» қоғамдық қозғалысы құрылды
Сурет: Almaty.tv
Қозғалыс қатарына әр аймақтан әртүрлі ұйым кіре алады.

Қозғалыс қатарына әр аймақтан әртүрлі ұйым кіре алады. 


Президент сайлауы қарсаңында тәуелсіз «Бақыла» қоғамдық қозғалысы құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Белгілі саясаттанушылар мен қоғам белсенділерінен құрылған ұйым тәуелсіз бақылаушыларды оқытып, сайлауға дайындайды. Оқыту курсы бүкіл ел аумағында, яғни 20-дан астам қалада офлайн және онлайн түрде өтеді. Дәрісте сайлау процесінің бүге-шүгесі түсіндіріліп, құқықтық білім беріледі. Сабақ әлеуметтік желілерге жүктеліп, тегін таратылады.



«Ең басты мақсатымыз – азаматтардың дауысының бұрмаланып кетпеуін, ұрланбауын, қоқыс жәшігінде жатпауын, бюллетеньдерді ысырап етпеуді қадағалау. Бұл – бір. Сайлау учаскелеріне қанша азамат қатысты, заң бұзушылық болған жоқ па, бақылаушыларға қысым жасалды ма? Екіншіден, мақсат – бақылаушының құқығын қорғау», – деді саясаттанушы, Baqyla қоғамдық қозғалысының ұйымдастырушысы Асхат Қасенғали.



Қозғалыс қатарына әр аймақтан әртүрлі ұйым кіре алады. Саяси науқан туралы білімін жетілдіргісі келетін тәуелсіз бақылаушылар 18 жасқа толған және ешқандай партияға мүше болмауы керек. Жалпы, бастамашы топ елімізде 10 мыңнан аса сайлау учаскесі болады деп топшыласа, соның 3 мыңын сапалы, сауатты бақылаушылармен қамтуды көздеп отыр.



«Қоғамымыз бұл сайлаудың ашық, әділ әрі лигитимді өткенін қалайды. Сондықтан бірнеше азамат болып бірігіп, бұл процестің заңды өтуіне атсалысуды жөн көрдік. Бақылаушыларды онлайн оқытамыз. Біздің қызметіміз сайлау аяқталған күні бітеді», – деді журналист, публицист Бигелді Ғабдуллин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.