AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент қолдау көрсеткен бастамалардың бірі

Президент қолдау көрсеткен бастамалардың бірі

Әлеумет 02.01.2025, 14:20 933 Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
Президент қолдау көрсеткен бастамалардың бірі
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осы орайда Мемлекеттік кеңесші Telegram-дағы жазбасында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент қолдау көрсеткен бастамалардың бірі танымал құқық қорғаушы Айман Омарованың есірткіні жасырын орналастырушыларға жазаны саралау туралы болғанын атап өтеді.

- Жаңа түзетулермен теңгерімді және әділ әдісті қамтамасыз ету үшін мұндай қылмысты алғаш рет жасаған әрі ауырлататын мән-жайлар болмаса есірткіні жасырын орналастырушыларға жаза аздап жеңілдетіледі. Сонымен қатар есірткілерді дайындау,  өңдеу және өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті өмір бойына дейінгі бас бостандығын айыруға дейінгі қатаңдататын норма енгізілді. Сондай-ақ синтетикалық есірткі компоненттерінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр, - деді Ерлан Қарин.

Мұнан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтай бастамаларын жүзеге асыру аясында қазіргі уақытта 9 заңның қабылданғанын еске салады. 

Олар:

1. Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі заң.

2. Ойын бизнесі және құмаройынға тәуелділікпен күрес мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулер.

3. Тұтынудың электронды жүйелерін (вейптер )әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға заңмен тыйым салу.

4. Вандализм үшін жазаны заңмен қатаңдату және табиғи, мәдени және тарихи нысандарды қорғауды арттыру.

5. Ономастика және геральдика саласындағы процедураларды регламенттеу және жұмыстарды орталықтандыруды заңнамалық тұрғыда желдіру.

6. Даңқты жауынгер-барылардың атын “Айбын” орденінің тдәределеріне беру.

7. Рәміздердің бірыңғай стандарты жөніндегі түзетулер.

8. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңа құрметті атақтарды енгізу жөніндегі түзетулер.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #президент #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);