AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысы Ма Синжуйді...

Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысы Ма Синжуйді қабылдады

Саясат 27.03.2023, 15:30 1,414 Almaty-akshamy.kz. 
Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысы Ма Синжуйді қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


  Әңгімелесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аударылды. Қазақстан Шыңжаң өлкесімен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм секілді көптеген бағыт бойынша табысты қарым-қатынас жасап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестік пен мәңгілік достық рухында жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге баса мән беретінін айтты. Мемлекет басшысы екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі сенімді саяси диалог қалыптасқанына тоқталып, ҚХР-ды Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.



– Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаның былтыр қазан айында Қазақстанға жасаған сапары өте сәтті болғанын айтқым келеді. Бұл СOVID пандемиясы салдарынан болған ұзақ үзілістен кейінгі бірінші сапар екенін атап өттік. Біз өте маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Екі елдің үкіметтері мен тиісті аймақ басшыларына ең жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды табысты жүзеге асыру міндеті жүктелді, – деді Президент. Ма Синжуй қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді.


– Менің сапарымның негізгі мақсаты – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Сіздің араңыздағы маңызды стратегиялық келісімдерді жүзеге асыру. Біз Қытайдың бір өлкесі ретінде еліміздің батысындағы мемлекеттермен қарым-қатынастарды нығайтуға жауаптымыз. Қазақстан – біз үшін өзара ынтымақтастықтың басым бағыты. Жалпы, Қытай мен Қазақстанның ынтымақтастығы Шыңжаң арқылы жүзеге асырылады, – деді Ма Синжуй.



Кездесу соңында Президент Шыңжаң басшысының Қазақстанға сапары өңіраралық байланысты тереңдетіп, оның бағыт-бағдарын нақтылай түсуге тың серпін беретініне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің ҚХР Төрағасы болып қайта сайлануына байланысты оған ізгі тілегін жолдап, сәттілік тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шыңжаң #өлкесі #қабылдады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);