AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына риза...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына ризашылығын білдірді

Саясат 27.09.2021, 13:27 2,132
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына ризашылығын білдірді
Сурет: Akorda.kzПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрі Халид Әл-Фалихті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрі Халид Әл-Фалихті қабылдады


Қасым-Жомарт Тоқаев Халид Әл-Фалихтің сапары Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әл-Саудимен телефон арқылы болған мазмұнды әңгімелесудің жалғасы екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қазақстанға 30 жылдан бері көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін Сауд Арабиясына ризашылығын білдірді.



«Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және оның мәнін тереңдете түсу үшін көптеген мүмкіндік бар екеніне сенімдіміз. Осы орайда, Тақ мұрагерімен телефон арқылы әңгімелесу кезінде болашақта қолға алынатын бірқатар жобаны талқыладық. Өзара іс-қимылдарымыз тереңдей түседі. Елімізге жасаған сапарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қолдауыңызбен және менің Әкімшілігімнің жұмыс жүргізуімен екіжақты байланыстарымызды шынайы ілгерілетеміз деп ойлаймын», – деді Қазақстан Президенті. 



Өз кезегінде Халид әл-Фалих Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудтың және Корольдіктің Тақ мұрагерінің сәлемдерін жеткізді.



«Олар Қазақстанға одан әрі өркендеу мен игілік жолында қолдау көрсетуді жалғастыра беретіндерін нақтылады. Қазақстанның жүргізіп отырған реформалары мен Орталық Азиядағы көшбасшылығын, сонымен қатар 30 жыл бұрын таңдаған бірегей жолын жоғары бағалайды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған сындарлы саясат өзіңіздің парасатты басшылығыңызбен жалғасып келеді», – деп атап өтті Сауд Арабиясының министрі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #кездесу #сауда #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);