конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек...

Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Саясат 21.11.2022, 10:50 1,664
Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке Қарағанды облысының биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді.


Сондай-ақ аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келе жатқаны туралы баяндалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені (1,5 пайызға артқан) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс  көрсеткіші 6,3 пайызға артты. Облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5 пайызға көбейген), оның басым бөлігі (92 %) жеке инвестицияға тиесілі. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға көп.


Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #әкім #Қарағанды облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);