AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Orbis Kazakhstan компаниялар тобының нег...

Президент Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады

Әлеумет 01.06.2024, 16:40 831 dulatbekova
Президент Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысына Orbis Kazakhstan компаниясы жұмысының нәтижелері мен даму перспективалары жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Фаррух Махмудов Алматы индустриялық паркінде толық циклді автомобиль зауытын салу жоспары жайында баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Жоба аясында ҚХР-дың Exeed және Kaiyi секілді брендтері бір өндіріс алаңында бірігеді. Қытайлық серіктестермен көлікті ұсақ бөлшектерден құрастыру туралы толыққанды келісім жасалған. Бұл жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі – 72 миллиард теңге. Бастапқы кезеңде 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 80 мың автомобиль шығаруға жетеді. Өнім ішкі және сыртқы нарықта сатылады, соның ішінде Орталық Азия мен Кавказ аймағы елдеріне экспортталады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Астана қаласындағы инфрақұрылымдарды дамыту ісіне қатысуы жөнінде мәлімет берілді. Биыл кәсіпорын сауда-базар кешенін салып бітіруді және көпбейінді медициналық клиника құрылысын бастауды, сондай-ақ Agro Park көтерме сауда және тауар тарату орталығының құрылысына кірісуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, компаниялар тобы Алматының туризм кластерін дамытуға қатысты бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Нақтырақ айтқанда, оңтүстік астананың символы әрі тарихи ғимараты саналатын Almaty қонақ үйіне реконструкция жасау жұмыстары басталған. «Просвещенец» рекреациялық орталығы мен Қонаев қаласындағы көпфункционалды демалыс орталығының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына компанияның Батыс Қазақстан облысындағы Ақсу және Кеңтүбек елді мекендерінде су тасқыны салдарын жоюға үлес қосқаны жөнінде баяндалды. Фаррух Махмудов отандық бизнеске ұдайы қолдау көрсететіні үшін Президентке алғыс айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бастамаларын оң бағалап, жаңа жобаларды жүзеге асыру ісіне табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #Orbis Kazakhstan
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);