AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Жолдауында айтылған іс-шаралардың сапалы...

Президент Жолдауында айтылған іс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты - Әлихан Смайылов

Билік 29.03.2022, 04:46 1,108
Президент Жолдауында айтылған іс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты  - Әлихан Смайылов
Сурет: 24.kz

Президент Жолдауында айтылған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспар әзірленді.


Ол негізгі 10 бағыттан тұрады. Бірінші кезекте аса маңызды саяси реформаларды іске асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Ол үшін Президенттің өкілеттігі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің функциялары мен оларды құру тәртібі, саяси партия құру мәселелеріне қатысты конституциялық заңдар мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгереді. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешені іске асырылады», - деді Үкімет басшысы.



Оның атап өтуінше, ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары Жолдауда айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді және барлық келісу рәсімдерінен өтті.



«Сондықтан жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екенін баса айтқым келеді. Орынбасарларыма жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #жалпыұлттық жоспар #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);