ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Президент ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатыс...

Президент ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады

Билік 07.10.2021, 11:02 1,197
Президент  ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Сурет: Аkorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады




Мемлекет басшысы Дүниежүзілік энергетика апталығы мен ХIV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында өткен «Әлемдік энергетикалық трилемма 2021 – компоненттер теңгерімі: энергетикалық аймақтар бойынша өзгерістер навигациясы» атты жаһандық пленарлық мәжілісте бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.


Президент Орталық Азия аймағында алғаш рет өткізіліп отырған Дүниежүзілік энергетика апталығының ұйымдастырылуын қолдады.



«Осы аптада 90 елдің басшылары мен беделді тұлғалары Қазақстанда бас қосты. Глазгода өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі СОР26 конференциясының қарсаңында қол жеткізілген нәтижелер мен ортақ болашаққа қатысты көзқарастарымызды талқылау үшін жиналдық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы осы бағыттағы ұлттық басымдықтар мен міндеттемелер туралы айта келіп, Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен Париж келісімінің мақсаттары жолындағы жаһандық күш-жігерді толық қолдайтынын атап өтті.


Сонымен қатар Президент әлемнің жаңа даму кезеңіне  қадам басқаны туралы пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, жаңа технологиялар қазба отын түрлерінен жаңартылатын қуат көздеріне, сутегі мен ядролық энергияға көшуді талап етеді.



«Мен Үкіметке 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруде жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін 15 пайызға жеткізуді тапсырдым. Қазіргі таңда 2000 МВт-қа жуық жаңартылатын қуат көздері пайдалануға берілді. Қазақстанның көздеген мақсатқа жету жолындағы бағыты дұрыс. Алайда, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін тек жаңартылатын энергияға иек арту жеткіліксіз», – деді Мемлекет басшысы.




Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұстанған саясатына сәйкес, Үкіметтің энергия өндіру, энергияны үнемді пайдалану, цифрландыру және тұрақты экономикалық өсім сияқты негізгі бағыттарды ілгерілетуге ықпал ететін бірқатар ұлттық жобаларды әзірлеп жатқанын атап өтті.



«Бұл жобалар аса маңызды, өйткені олар миллиардтаған адамның бизнес жүргізуінің және күнделікті өмірінің «жаңа нормасына» айналады», – деді Президент.



Мемлекет басшысы сөзінің соңында форумның пікірталас платформасының бірегейлігіне тоқталды. Осы ретте аталған жиын әлемнің жаһандық мақсатқа – климаттың өзгеруіне тосқауыл қоюға қол жеткізуіне септігін тигізетін қазіргі үрдістерді, болжамдар мен жоспарларды қарастыру үшін жетекші сарапшыларға жақсы мүмкіндік беретінін жеткізді. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.