AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Финляндияның Сыртқы сауда және халықарал...

Президент Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннариді қабылдады

Саясат 24.02.2023, 07:41 1,325
Президент Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннариді қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-фин үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Вилле Скиннариді қабылдады.


Мемлекет басшысы министрге ілтипат білдіре отырып, фин делегациясының  сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президенттің айтуынша, дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылда Финляндия Солтүстік Еуропа мемлекеттері арасында экономикамызға ең көп инвестиция құйған екінші елге айналды. Сонымен қатар Финляндияның Орталық Азия елдерімен сауда айналымының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі.


Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің сауда-экономикалық, көлік-логистика және білім беру салаларындағы серіктестігін нығайту маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы фин кәсіпкерлерінің Қазақстанға құятын инвестициясын ұлғайта түсу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Өз кезегінде Вилле Скиннари құрметпен қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып,  екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге әлеует мол екенін мәлімдеді.


Министр Қазақстанға сапармен келген делегация құрамында Nurminen Logistics Plc, Nokia, EastCham Finland, Business Finland, Lamor, Wärtsilä Finland, PayIQ, EPSE секілді 15 ірі фин компаниясының өкілдері бар екенін жеткізді. Алдағы кездесулер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады.


Бұдан бөлек, фин тарапы Астанадағы Финляндия елшілігі жанынан Орталық Азия елдерінің азаматтарына қызмет көрсететін виза хабын ашады.


Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёге ізгі тілегін жолдап, Қазақстанға ресми сапармен келуге  шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ақорда #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);