ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Президент Энергетика министрін қабылдады

Президент Энергетика министрін қабылдады

Саясат 23.12.2021, 11:48 1,613
Президент Энергетика министрін қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Мемлекет басшысына еліміздің энергетика саласының дамуы жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысына еліміздің энергетика саласының дамуы жөнінде баяндалды.


Мағзұм Мырзағалиев Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» кен орындарындағы жобаларды іске асыру арқылы 2030 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 104,2 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Президентке мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы және алдағы уақытта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау шаралары жөнінде мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқарту және 200 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтік қорын қалыптастыру көзделіп отыр.



Сонымен қатар Мемлекет басшысына елімізді газбен қамту жобалары жөнінде баяндалды. Министрдің ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда газбен қамтылған халықтың саны 10,3 миллионнан асты, ал газбен қамтамасыз ету деңгейі 55 пайызды құрады. Солтүстік және шығыс өңірлерге газ жеткізу арқылы 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 65 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте «Бейнеу – Бозой – Шымкент», «Бейнеу – Жаңаөзен» және «Бұхара – Орал» газ құбырларының қосымша желілерінің салынуы табиғи газға деген жоғары сұранысты өтей алады.



Энергетика министрі Президентке энергия жүйесіндегі қазіргі ахуал және электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін қабылданған жедел шаралар, сондай-ақ 2030 жылға дейін газ, мұнай, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, электр энергетикасы мен жаңартылатын қуат көздері салалары бойынша жалпы құны 30 триллион теңге болатын 157 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспары жөнінде айтты.


Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ-химия саласын дамытудың аса маңызды екеніне назар аударып, Мағзұм Мырзағалиевке бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.