AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Президент елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті м...

Президент елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті

Экономика 04.05.2026, 16:35 196 yakiya
Президент елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек деп санайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

– Қазақстанды жайлы аймақтық хаб ретінде таныту үшін көші-қон үдерістері оңтайландырылып жатыр. Оның бәрі толық цифрлық форматқа көшіріледі. Таяуда қолданысқа енгізілген «Алтын виза» осы бағыттағы елеулі шешімдердің бірі болды. Бұл визаның иегерлері ұзақ уақыт бойы еліміздің резиденті бола алады. Артық әкімшілік жүктемеден босатылады. Оларға едәуір салық жеңілдігі беріледі. Бағдарламаға қатысушылардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан азаматтарымен бірдей сапалы білім алуға, медициналық қызметті пайдалануға мүмкіндігі болады, – деді Президент.

🟦

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек деп санайды.

– Жүйеленген деректер – жасанды интеллектіні дамытудың экономикалық негізі. Мұндай деректер технологияның әлеуетін пайдаланып, өнімділікті арттыруға жол ашады. Осы ретте тіл бүкіл жүйені біріктіретін басты құрал болуға тиіс. Ең алдымен, қазақ тілін заманауи цифрлық жүйелерге толық кіріктіру керек. Сонда ғана деректерді құрылымдап, инновацияны барлық салаға енгіземіз. Ортақ деректер жинақталып, өзара үйлесімді және машина оқи алатындай форматта болуға тиіс. Әйтпесе, ең мықты алгоритмнің өзі дұрыс жұмыс істемейді, оның еш пайдасы болмайды. Қазір аса құнды ақпараттың көбі архивтерде шаң басып жатыр. Оның бәрін цифрлық форматқа көшіру қажет. Біз уақыттан ұтылып, мүмкіндікті пайдалана алмай жатырмыз. Үкімет жасанды интеллект үлгілерін оқыту үшін архивтердегі және қолданыстағы мәліметтерді сапалы деректер торабына жинақтауға тиіс. Бұл жұмысқа дереу кіріскен жөн. Бұдан бөлек, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі деректер сапасын айқындайтын ұлттық стандартты бекітуі керек. Ол экономика, ғылым және бизнес өкілдеріне қолжетімді болғаны абзал. Жалпы, деректерге бағдарланған басқару үлгісіне толық көшу үшін Үкімет мемлекеттік бағдарламалардың нормативтік базасы мен мазмұнын қайта қарап шығуға тиіс. Мәліметтерді жүйелеп, «деректер қоймасы» деп аталатын бірыңғай желіге кіріктіру маңызды. Жұмыстың тиімділігі соған қарап бағаланады. Біз осы бағытта шұғыл шараларды қолға алмасақ, салынған инвестиция құмға сіңген судай жоқ болады, – деді Президент.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);