конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент бастамалары – болашақтың берік іргетасы

Президент бастамалары – болашақтың берік іргетасы

Әлеумет 04.04.2025, 12:18 1,010
Президент бастамалары – болашақтың берік іргетасы
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап, бірқатар маңызды бастамаларды жариялаған болатын. Енді осы бастамаларды жүзеге асыруға арналған кешенді жоспар Мемлекет басшысының қол қоюымен бекітілді.

53 тармақтан тұратын бұл құжат – Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің бірлесіп әзірлеген жүйелі жоспары. Ол тек мемлекеттік органдарға ғана емес, бүкіл қоғамға арналған нақты бағдар болып табылады.

Аталған құжатта гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар қамтылып отыр.

Гуманитарлық бастамалар аясында:

  • «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарлама әзірленеді;

  • Жаңа Ішкі саясат тұжырымдамасы қабылданады;

  • 2026-2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары дайындалады;

  • Ұлттық цифрлық архив құрылып, тарихи мұрамыз заманауи форматта сақталады;

  • Театр өнерін дамыту мақсатында өңірлерде жаңа театрлар салынып, ұлттық театрларға қолдау көрсетіледі;

  • Абай институтының шетелде ашылуы – ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңызды қадамы болмақ;

  • Биологиялық әралуандықты қорғауға арналған халықаралық қор құрылады.

Ал әлеуметтік-экономикалық салаларда:

  • «Жайлы мектеп» жобасы жалғасып, үш жылда 1300 мектеп жаңғыртылады;

  • Ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған оңалту орталықтары әр облыс орталығында ашылады;

  • Өңірлерді дамыту тұжырымдамасына жаңа тәсілдер енгізіледі;

  • Астана–Арқалық–Торғай–Ырғыз бағытымен Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын автожолдар жаңғыртылады, Арқалықтағы әуежай қайта қалпына келтіріліп, жаңа аэровокзал кешені салынады;

  • Жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобалар жүзеге асады.

Бұдан бөлек, шекара маңындағы аудандарды дамыту, ғылым қалашықтарын құру, ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді қолдау көрсету, ҮЕҰ мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты реттейтін заңдарды қабылдау жоспарланған.

Бұл – Президенттің ел болашағы үшін ұсынған нақты қадамдарға негізделген ұлттық даму стратегиясы. Барлық саладағы осындай жүйелі реформалар Қазақстанның ұзақ мерзімді өркендеуіне жол ашады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Ұлттық құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);