ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Президент Бас прокурорды қабылдады

Президент Бас прокурорды қабылдады

Заң мен тəртіп 09.08.2021, 19:30 1,449
Президент Бас прокурорды қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурордың еліміздегі заң нормаларының сақталуы жөніндегі есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурордың еліміздегі заң нормаларының сақталуы жөніндегі есебін тыңдады.  


Президентке елдегі қылмыстық ахуал, соның ішінде, алаяқтық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы және басқа да қауіпті құқық бұзушылықтарға қарсы күресті үйлестіру шаралары туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Ғизат Нұрдәулетов қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделіне өтудің алғашқы кезеңінің іске асырылу барысы және 2022 жылдан бастап енгізіле бастайтын екінші кезеңге дайындық жөнінде есеп берді.


Мемлекет басшысына ел ішінде резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу нәтижелері және қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.



Бас прокурордың мәліметіне сәйкес, прокуратура органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде жыл басынан бері 5 мыңға жуық азаматтың, 92 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалып, бюджетке 17 миллиард теңге қайтарылған. 11 мыңнан астам тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған.



Сондай-ақ қылмыстық құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Бас прокурор өзге елдермен жасалатын келісімдер мен алда болатын көпжақты іс-шараларға қатысу жоспарларымен бөлісті.


Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық өмірдің барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.