ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Президент ауыл шаруашылығына мұқият талдау жүргізу...

Президент ауыл шаруашылығына мұқият талдау жүргізуді тапсырды

Әлеумет 21.02.2023, 09:42 757
Президент ауыл шаруашылығына мұқият талдау жүргізуді тапсырды
Сурет: Akorda.kz
Бүгін Мемлекет басшысы аграрлық бизнес өкілдерімен кездесті.

Бүгін Мемлекет басшысы аграрлық бизнес өкілдерімен кездесті.


Жиында ауыл шаруашылығын дамытудың түйткілді мәселелері мен перспективалары ашық талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Кездесуде Президент былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 9,1 пайыз болғанын атап өтті. Оның айтуынша, егін бітік шығып, диқандар 23 миллион тоннаға жуық астық жинаған.



Кездесу барысында аграрлық бизнес өкілдері өндірісті әртараптандыру, шикізатты терең өңдеу және жаңа агроөнімдерді өндіру, қант саласын дамыту, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, сондай-ақ ішкі нарықты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыру мәселелерін қозғады.



Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қаражат бөлу мен пайдаланудың тиімділігі, жер және су ресурстарын әділ бөлу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.


Аграрлық бизнес өкілдері ауылдарда өмір сүру сапасын арттыру, жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ кадр даярлау қажеттігін атап өтті.


Президент Үкіметке айтылған барлық ұсынысты назарға алуды және кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, ауыл шаруашылығының жай-күйіне мұқият талдау жүргізуді тапсырды.



Мемлекет басшысының пікірінше, агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұру керек. Себебі ауыл шаруашылығындағы мәселелердің шешімін табуы азаматтардың өмір сүру сапасына ғана емес, сонымен қатар елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де ықпал етеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.