AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

Президент Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

Саясат 07.12.2023, 10:27 1,524
Президент Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президент «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады


Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл басынан бері және жалпы МӘМС қолға алынған уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Сонан кейін, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе, ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе өскені жөнінде баяндады. Азаматтарға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жайында сөз етті. Сонымен қатар, МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, Қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында, ең алдымен, науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #медицина #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);