ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Премьер вакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айт...

Премьер вакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты

Мұны білген жөн 11.08.2021, 09:43 1,582
Премьер вакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты
Сурет: Рrimeminister.kz
Ashyq жүйесіне 100 мыңнан астам кәсіпкерлік субъект кіреді.

Ashyq жүйесіне 100 мыңнан астам кәсіпкерлік субъект кіреді.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.



Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай баяу өсу үрдісіне ие және біртіндеп тұрақтануда. Вирустың репродуктивтік индексі – 1,01 құрайды, инфекциялық төсек-орындар 54%, реанимациялық төсектер 45% толды. Бүгінгі таңда 5,9 млн жуық адам бірінші компонентті, шамамен 4,5 млн адам екінші компонентті алды.



Үкімет басшысы биыл тамыз айында вакциналау жоспарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, әсіресе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында вакциналау қарқынын күшейту қажеттігін атап өтті. Премьер-Министр Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қарағанды облысына ерекше назар аудара отырып, барлық өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.


Сонымен қатар халықтың шектеу шараларын, ең алдымен маска тағу режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді. Ол үшін карантин талаптарын бұзушыларды жауапкершілікке тарта отырып, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.



«Ashyq жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үнемі артып келеді. Олардың саны 5 есеге – 21 мыңнан 101 мыңға дейін өсті. Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан Ashyq қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет», — деді Асқар Мамин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.