AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Полиция смартфонға «AnyDesk» бағдарламасын жүктеме...

Полиция смартфонға «AnyDesk» бағдарламасын жүктемеуге кеңес берді

Заң мен тəртіп 15.11.2021, 09:37 1,052
Полиция смартфонға «AnyDesk» бағдарламасын жүктемеуге кеңес берді
Сурет: Сomss.ru

Қазақстанда интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кеткен.


Алматы полициясы смартфонға «AnyDesk» бағдарламасын жүктемеуге шақырды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Соңғы кездері Алматы қаласының аумағында және жалпы Қазақстан Республикасында интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кеткен. Сонымен қатар, қаскөйлер әртүрлі қылмыстық тізбектер бойынша әрекет етеді, әдетте, әлеуметтік желілерді, WhatsApp, Telegram мессенджерлерін және тұрақты телефон байланыстарын пайдаланады.



«Тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Дегенмен, егде жастағы адамдар шығынға көбірек ұшырайды. Айта кету керек, мұндай қылмыстарды тергеген кезде тергеу органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге ақша аудару сияқты мәселелерге тап болады, қаскөйлер бір реттік ұялы телефондар мен абоненттік нөмірлерді пайдаланады, ал мұндай қылмыстарды ашу орасан зор күш салуды талап етеді», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Тәжірибеде жиі кездесетін бір  мысал. Қаскөй(лер) өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде жалған атпен әлеуетті жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, сол арқылы сенімге кіруге тырысады. Әдетте, сөйлеу мәнері өте сыпайы болады. Содан кейін алаяқ жаңа ғана белгісіз біреулер төлем картасын рұқсатсыз бұзып, одан ақшаны шешіп алмақ болғанын немесе күдікті әрекеттің анықталып, біреудің несие алмақ болып жатқанын хабарлайды. Сосын қаскөй нұсқауларды орындауды және СМС-кодтарын хабарлауды талап етеді. Көрсетілген СМС сандар түріндегі кодтар арқылы қаскөйлер жәбірленушінің картасынан басқа карталарға ақша аударады. Тәжірибе көрсеткендей, ақша көбінесе Ресей Федерациясына немесе көрші елдерге аударылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #интернет #полиция #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);