AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Полиция қазақстандықтарға ескерту жасады

Полиция қазақстандықтарға ескерту жасады

Хабарлама 22.12.2025, 17:06 1,023
Полиция қазақстандықтарға ескерту жасады
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Жаңа жыл қарсаңында алаяқтардың белсенді түрде әрекет ететінін айтып, қазақстандықтарға сақ болуды ескертті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

«Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Әлеуметтік желілерде бағасы арзан шыршаларды сату туралы хабарламалар пайда болады. Олар әдемі фотосуреттерді пайдаланып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін «сатушылар» байланысты бірден үзеді», - делінген хабарламада.

Полиция ескертеді:

- Белгісіз немесе жаңадан ашылған парақшалардан тауар сатып алмаңыз;

- Алдын ала төлем жасаудан, әсіресе жеке банктік карталарға ақша аударудан бас тартыңыз;

- Пікірлерді, жарияланымдарды және аккаунттың тіркелген күнін мұқият тексеріңіз;

- Нақты мекенжай мен байланыс нөмірінің бар-жоғын анықтаңыз;

- Өте төмен баға немесе төлемді жедел жасауға шақыратын ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;

- Күмән пайда болса, сатып алудан бас тартқан жөн.

Алаяқтар мерекелік әуре-сарсаң мен азаматтардың үнемдеуге деген ұмтылысын пайдаланады. Сондықтан ақшаны алаяқтардан сақтаудың ең тиімді жолы – мұқият болу.

Бұған дейін полиция мереке қарсаңында алаяқтардың белсенділігі артатынын ескерткен болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Ескерту #мереке қарсаңы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);