конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Полиция алматылықты суицидтен құтқарды

Полиция алматылықты суицидтен құтқарды

Оқиға 27.05.2025, 16:50 673
Полиция алматылықты суицидтен құтқарды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Таңғы уақытта жедел басқару орталығына Саин даңғылы мен Райымбек даңғылының қиылысындағы көпірде бір ер адамның суицидке оқталуы туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз азамат көпір үстінде тұрып, секіруге әрекеттенген. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары жіберілді.

Полиция қызметкерлері келгенде, ер адамның ауыр психоэмоционалдық күйде екенін байқады. Ол байланыс орнатудан үзілді-кесілді бас тартып, өзіне қауіп төндіріп тұрғанына қарамастан, полицейлер сабырлық танытып, оған жанасу арқылы сенім ұялатып, тілдесуге тырысты. Қауіпті жағдай кезінде оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының басшылығы да келіп жетті. Тәртіп сақшыларының үйлесімді және кәсіби іс-қимылының арқасында ер адам көзге түспей жақын келіп, қауіпсіз жерге шығарылды. 

"Басты мақсат – адам өмірін аман сақтау. Мұндай сәттерде әр сөз, әрбір әрекет шешуші рөл атқарады. Қызметкерлеріміздің сабырлылығы мен кәсібилігі нақты әрі уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік берді", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Майлықбаев.

Құтқарылған азамат — Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны. Оның психикалық жағдайын бағалау үшін психикалық денсаулық орталығына жеткізілді. Бұл оқиға бір нәрсені айқын дәлелдеді: полиция қызметкерлері – тек құқық қорғаушылар ғана емес, қажет болғанда өз өмірін қатерге тігіп, адам өмірін сақтап қалуға әрқашан дайын жандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #суицид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);