ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ПОЛИГРАФИЯ ІСІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

ПОЛИГРАФИЯ ІСІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

Әлеумет 20.02.2025, 12:37 826
ПОЛИГРАФИЯ ІСІНІҢ ЖЕТІСТІГІ
Принтмедиа технологиялар колледжі
Еліміздегі полиграфия саласы қоғамды ақпараттық қамтамасыз етуде, баспа өнімдерін шығаруда

 Еліміздегі полиграфия саласы қоғамды ақпараттық қамтамасыз етуде, баспа өнімдерін шығаруда

және медиаиндустрияны дамытуда маңызды рөл атқарып келеді. 

Соңғы жылдары технологиялардың дамуы мен саланың цифрландырылуына байланысты полиграфия саласындағы мамандықтар жоғары біліктілікті және заманауи стандарттарға бейімделуді талап етіп отыр.

Қазақстандағы полиграфия саласын дамыту үшін білікті жұмысшы кадрларды даярлайтын «Принтмедиа технологиялар колледжі» 2024 жылға дейін «Алматы полиграфия колледжі» деген атаумен белгілі болған еді.

Сонау 1977 жылы №28 техникалық училище деген атаумен құрылған мекеме еліміздегі осы салаға маманданған жалғыз оқу орны болып табылады. Колледжді бітірген түлектер баспа машиналарын басқара алады. Сонымен қатар, баспа сапасына жауап беріп, баспа өнімдерінің (кітаптар, журналдар, жарнамалық материалдар) көркемдік дизайнын әзірлейді. Технологиялық процестерді бақылайды, баспаға қажетті материалдар мен әдістерді таңдайды, макеттер мен файлдарды баспаға дайындайды, түстерді түзету мен бастапқы материалдардың сапасын тексереді. Сондай-ақ, олар дайын баспа өнімдерін жинақтау және безендіру жұмыстарымен де айналысады.

 Колледж жұмысшы мамандықтарын даярлау барысында теориялық білімді серіктес кәсіпорындардағы практикалық дағдылармен ұштастырады. Бұл мамандарды жоғары сапада дайындауға мүмкіндік береді. 

Колледж заманауи баспа машиналары мен технологиялармен жабдықталған. Бұл студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. 

 Тақырыпқа орай

 Гүлзада АБДУЛЛАЕВА, Принтмедиа технологиялар колледжі директорының міндетін атқарушы:

Біз еліміздің жетекші полиграфиялық кәсіпорындарымен тұрақты байланыс орнаттық. Бұл қадам ең алдымен колледжді бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына зор ықпал етіп отыр. Сонымен қатар, Германия, Беларусь, Ресей, Қытай, Франция, Эстония және Жапонияның оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық орнатылды. Бұл ретте арамызда тәжірибе алмасу және шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері ашылды.

Қазіргі таңда қазақстандағы полиграфия саласы заманауи технологиялық үрдістерге бейімделе отырып, жұмысшы мамандығының қарқынды дамуына үлес қосып жатыр. Принтмедиа технологиялар колледжі жоғары деңгейде білім беріп, кәсіби жұмысшы кадрларды қалыптастыруға үлкен үлес қосып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.