AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын к...

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Спорт 16.05.2026, 15:48 220 Сұлу
PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады
gov.kz

Астанада Counter-Strike 2 бойынша өтіп жатқан PGL Astana 2026 халықаралық турнирі сәтті басталды. Barys Arena кешенінде ұйымдастырылған жарыстың алғашқы ойын күніне шамамен 7 мың көрермен жиналып, елорда тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Турнирдің жартылай финалына MOUZ, Team Spirit, Magic және Falcons командалары жолдама алды. Алғашқы күннің өзінде көрермендер тартысты кездесулерді, әсерлі ойын сәттерін және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын тамашалады.

Жанкүйерлердің ерекше назары қазақстандық ойыншылардың өнеріне ауды.

Аренада қолдау көрсету атмосферасы орнап, трибуналар сүйікті командалары мен киберспортшылардың әрбір сәтті әрекетін қызу қолдап отырды.

Турнир қонақтарының қатарында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports командасының ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо болды.

«Barys Arena-дағы атмосфера керемет болды. Киберспорт төңірегінде мұндай үлкен қызығушылықты көптен бері көрмеппін. Трибуналарда ерекше энергия сезілді.

Көрермендер командаларға қолдау білдіріп, ұрандап, әрбір раундқа шынайы жанкүйер болды. Осындай турнирге қатыса алғаныма қуаныштымын», – деді жанкүйерлердің бірі.

Ұйымдастырушылар мен сарапшылардың айтуынша, мұндай турнирлерді өткізу оқиғалық туризмді дамытуға ықпал етіп, Астананың ірі халықаралық киберспорт жарыстарын қабылдайтын алаң ретіндегі мәртебесін нығайтады. Шетелдік қонақтар жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, елорданың заманауи инфрақұрылымын және Қазақстан жастарының киберспортқа қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Бүгін, 16 мамырда турнир екінші ойын күнінің матчтарымен жалғасады. Жанкүйерлер алдында мықты командалардың жаңа кездесулері өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #спорт #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);