ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Петропавлда оқушы қызды бір топ қыз ұрып, ақша боп...

Петропавлда оқушы қызды бір топ қыз ұрып, ақша бопсалаған

Оқиға 08.06.2025, 12:06 652
Петропавлда оқушы қызды бір топ қыз ұрып, ақша бопсалаған
Видео кадры
Петропавлда бір топ оқушы қатарлас қызды жүйелі түрде ұрып-соғып, ақша бопсалаған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Todayinfo-ға сілтеме жасап.

Петропавлда бір топ оқушы қатарлас қызды жүйелі түрде ұрып-соғып, ақша бопсалаған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Todayinfo-ға сілтеме жасап. 

Оқиғаның видеосы желіге тарады. Кадрлардан алты қыздың қатарласын ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Әрқайсысы кезек-кезек жәбірденушінің басынан ұрып, кетіп қалады. Жасөспірім соққыларға қарсылық көрсетпейді. Олар қызды ұрып-соққан соң ақша сұрайды. Қыздар қатарласынан физикалық зорлық немесе "қолма-қол ақша" беруді таңдауды ұсынады.

Соққыға жығылған қыз бұған дейін олардың біріне қарсы арыз жазбақ болған. Осыдан кейін бұзақы қыздар оны осылай жазаламақ болған.

"Қайтармасаң, кассаға қоямыз. Туған күнің тоғызына. Бәрібір ақша аласың. Оныншы күні қайтармасаң, топпен келіп ұрып өлтіріп, есепке қоямыз", – дейді оқушы қыздар.

Жасөспірімдер мұның бәрін ұялы телефонға түсіріп алған. Мәліметке сәйкес, оқиға өткен жылдың тамыз айының соңында болған. Бірақ бұл іс кейінірек қоғам назарына ілікті. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл полицейлері 14 жастағы қала тұрғынына қатысты қорқыту дерегі бойынша жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір топ қыздың жүйелі психологиялық және физикалық қысым көрсеткені анықталды. Оның ішінде видеоға жазылған ақпарат расталды. 2024 жылғы 31 тамызда болған оқиғаға қатысы бар алты кәмелетке толмаған баланың жеке басы анықталды. Екі кәмелетке толмаған және төрт заңды өкілге қатысты әкімшілік материалдар жиналды. Бопсалау дерегі бойынша қосымша соталды тергеу басталды. Барлық процестік әрекет заң аясында және қадағалау органының қадағалауымен жүзеге асырылады", – делінген хабарламада. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.