AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауы...

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Оқиға 18.02.2026, 12:08 249 Дина
Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті
2gis.kz

Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды: мектеп оқушысы үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқу орнының мәліметінше, қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлау салдарынан жарақат алды. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр», — деп түсіндірді Петропавлдағы НЗМ баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен жасөспірімнің жарақатпен көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

«Ол жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Толық ақпаратты кейінірек береміз», — деді облздрав өкілдері.

Белгілі болғандай, оқушы 18 жаста.

Еске салайық, бұған дейін ақпан айының басында Солтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушысы мектеп дәретханасында сірке суын ішіп қойған еді. Оқиға Айыртау ауданындағы орта мектепте болған. 16 жастағы оқушы алғашқы сабақта дәретханаға сұранып шығып, сол жерде сірке суын ішкен. Оны мектеп қызметкерлері байқап, ауыр жағдайда МИ-8 тікұшағымен облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізген. Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, науқаста тыныс жолдарының, ауыз-жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның және терінің жедел химиялық күйігі болған. Кейінгі мәлімет бойынша жағдайы орташа ауыр, оң динамика байқалады. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылып, емін жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар #НЗМ #оқыс оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);