ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Педиатрия орталығының дәрігерлері 100-ден астам ба...

Педиатрия орталығының дәрігерлері 100-ден астам баланы тегін қарады

Медицина 06.06.2024, 14:47 898
Педиатрия орталығының дәрігерлері 100-ден астам баланы тегін қарады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
1 маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 29 мамыр күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бір топ дәрігерлері мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина...

1 маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 29 мамыр күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бір топ дәрігерлері мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар аурулары кафедрасының мамандары Іле ауданындағы балаларды тегін қарады.

«Педиатриялық десант» қайырымдылық шарасы Алматы облысы, Іле ауданының «Almaty Contact logistic» базасында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Педиатрия орталығы мамандары аталмыш холдинг қызметкерлерінің балаларын қарап, кеңестерін берді. Дәрігерлер бір жастан -17 жасқа дейінгі барлығы 100-ден астам баланы қарап, денсаулықтарын тексерді. Қызметкерлер балаларын невролог, педиатр, офтальмолог, хирург, гастроэнтеролог, гематолог және т.б.мамандарға көрсетіп, жүректің, іш қуысы мүшелерінің және бүйректің ультрадыбыстық зерттеуінен тегін өтуге мүмкіндік алды.  

Медициналық тексеру кезінде балалар денсаулығынан анықталған негізгі кінәраттар -  анемия, көру өткірлігінің нашарлауы, іш қату, тіс кариесі,  скалиоз, аллергиялық аурулар, гаджеттердің әсерінен жүйке жүйесінің бұзылуы, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесінің патологиялары. Қосымша тексерілу мен қаралуды қажет ететін балалар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына емделуге жіберілді.  

«Педиатрия орталығы жыл сайын Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде түрлі акциялар өткізеді. Биыл біз «Almaty Contact logistic» холдингінің өтінішімен, сол мекемеде қызмет жасайтын мамандардың  балаларын қарауды шештік. Бұл компания ұлт саулығына аса зор мән береді. Аталмыш компания біздің орталыққа балаларды қарауға, диагностика жасауға  қажетті, өте қымбат тұратын медициналық құрал-жабдықтарды алып беруге, біздің орталықтың зертханасын жөндеуге үлкен көмеген тигізгендігін атап өткім келеді. Бүгін холдинг қызметкерлері барлық қабылдаулар мен узилерден тегін өткендері үшін дән ризашылықтарын білдіруде. Біз де көмегімізді тигізгендігімізге тәнтіміз», деді Ақылы диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі, гастроэнтеролог-диетолог дәрігер  Альфия Назарова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.