ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Пасха аралына пластиктен қауіп төніп тұр

Пасха аралына пластиктен қауіп төніп тұр

Әлем 20.10.2024, 15:15 1,023
Пасха аралына пластиктен қауіп төніп тұр
24 kz
Тынық мұхитындағы Пасха аралы пластикалық қалдықтардан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тынық мұхитындағы Пасха аралы пластикалық қалдықтардан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл мекен Чилидің жағалауларына қарағанда микропластикпен 50 есе көп ластанған. Осының салдарынан аралда ғасырлар бойы сақталған ескерткіштер бүлініп, жойылу алдында тұр.

Көпшілікке тұмса табиғатымен танымал Пасха аралы бүгінде экологиялық қауіп құрсауында. Тынық мұхитындағы шағын мекен кейінгі жылдары микропластиктен қатты зардап шегуде. Оның көлемі барған сайын артпаса, кемімеген.

Оны басты ластаушы – балық аулау кемелері. Ғылыми зерттеулер жағалауда табылған микропластиктің басқа аймақтардан келгенін көрсетті.

Жергілікті теңіз биологы осы жағдайға айрықша назар аударып, балық аулау кемелерінің мұхитты ластауымен күресуге шақырды. 

Мойко Пакомио, теңіз биологы: - Пластик қалдықтар су ағысымен бірге келіп, жағалауларға шөгіп қалады. Содан кейін ыдырап, микропластикке айналады. Бұл зиянды бөлшектердің басым бөлігі балық аулау кемелерінен теңізге тасталған қалдықтар. Олар аралдардың экожүйесіне орасан зор нұқсан келтіріп жатыр. Қоршаған ортамыздың тазалығын сақтау – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Әрқайсымыз осы мәселеге назар аударып, әрекет етуіміз қажет.

Пасха аралының мэрі Педро Эдмундстың айтуынша, бұл мәселе аралдың экосжүйесіне ғана емес, халықтың тұрмыс тіршілігіне де әсер етіп жатыр.

Педро Эдмундс, Пасха аралының мэрі: - Пластик мөлшері барған сайын көбейіп, шын мәнінде қорқынышты жағдай қалптасып отыр. Ол біздің өмірімізге, күнделікті тұтынатын тамағымызға, қоршаған ортамызға кері әсер етіп жатыр. Жергілікті билік пен тұрғындар қазір пластик қалдықтарымен белсенді күрес жүргізуде. Бірақ арал мэрі: «Мәселені тек әлем елдері бірлесіп әрекет етсе ғана тиімді шешуге болады», - дейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.