AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Парижде қазақтың бас ақынына арнап бюст ашылды

Парижде қазақтың бас ақынына арнап бюст ашылды

Тәуелсіздік-30 07.12.2021, 05:45 1,305
Парижде қазақтың бас ақынына арнап бюст ашылды
Сурет: Egemen.kz

Парижде ашылған Абай мүсіні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Парижде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Париж қаласында қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, проза жазушысы Александр Пушкин және т.б. ескерткіштері бар.


Абай Құнанбайұлының мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдастырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады.


Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ, музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз», - деп жазды елорда әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #бюст #Мүсін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);