AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Париж-2024 Олимпиадасы ойындарының бағдарламасы та...

Париж-2024 Олимпиадасы ойындарының бағдарламасы таныстырылды

Спорт 20.08.2021, 07:38 2,404
Париж-2024 Олимпиадасы ойындарының бағдарламасы таныстырылды
Сурет: Сameralabs.org

Олимпиаданы ұйымдастырушылар ХОК ұсынған мүмкіндікті пайдаланып, жалпы ойынды қызықты өткізу мақсатында қосымша спорт түрлерін енгізді. 


Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, Париж Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы жазғы ойындардың бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Париж-2024 жастардың көңілінен шығатын және спорттық нәтиже мен шығармашылықты арттыратын төрт спорт түрін ойын бағдарламасына қосты. 


Нақтырақ айтсақ, Парижде брейкинг, спорттық құзға өрмелеу, скейтбординг пен серфингтен жүлделер ойнатылады. 


Брейкинг (брейк-данс) 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет жеңімпаздарды анықтады. Енді Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасына ресми түрде еніп отыр.  Олимпиада бағдарламасынан алынатын спорт түрлері де анықталды. Парижде Токио ойындарындағы үш спорт түрінен жарыстар өткізілмейді. Нақтылап айтар болсақ, каратэ, бейсбол мен софтбол Олимпиада бағдарламасынан шығарылды. 


Париждегі Олимпиада ойындарында 32 спорт түрінен жүлде таратылады. Әлемнің 200-ден аса мемлекетінен келген спортшылар 306 жүлде жиынтығын сарапқа салады. 


2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері: 


Академиялық есу, бадминтон, баскетбол (оның ішінде 3x3 баскетбол бар), бокс, күрес, брейкинг, велоспорт, су спорты түрлері, волейбол, жағажай волейболы, гандбол, гимнастика (батут, спорттық гимнастика, көркем гимнастика), гольф, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, ат спорты, жеңіл атлетика, үстел теннисі, желкенді спорт, регби-7, серфинг, скейтбординг, қазіргі бессайыс, спорттық құзға өрмелеу, садақ ату, спорттық ату, теннис, триатлон, таеквондо, ауыр атлетика, футбол, көгалдағы хоккей, 


Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#париж #олимпиада #бағдарлама #таныстыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);