AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшы...

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Спорт 10.06.2026, 16:48 397
Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды
Altainews.kz

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс қорытындысы бойынша шығысқазақстандық спортшылар 9 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Бұл өңірдегі параспорттың дамып келе жатқанын дәлелдеді.

Жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарда жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Анна Кутявина, Евгений Федоренко және Асхат Нұрмағамбетов жекелей сында чемпион атанса, Игісінова, Ванюшкин және Мазаева жұптық жарыстарда алтын медаль еншіледі.

Сонымен қатар бірнеше спортшы күміс және қола жүлделерді жеңіп алып, команданың жалпы жетістігіне өз үлестерін қосты. Чемпионат барысында жоғары техникалық шеберлігімен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленген Данияр Түсіпхановтың өнері де мамандар тарапынан жоғары бағаланды.

Мамандардың айтуынша, чемпионаттағы бұл табыс өңірдегі паралимпиадалық қозғалыстың дамуына тың серпін беріп, жаңа жеңістерге жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үстел теннисі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);