AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Пәкістандағы жарылыс: сайлау митингісінде 44 адам...

Пәкістандағы жарылыс: сайлау митингісінде 44 адам қаза тапты, 200-ге жуығы жараланды

Әлем 31.07.2023, 04:41 1,036 Almaty-akshamy.kz. 
Пәкістандағы жарылыс: сайлау митингісінде 44 адам қаза тапты, 200-ге жуығы жараланды
Сурет: ашық дереккөз


Ауғанстанда тәліптер билікке оралғаннан кейін Пәкістанда лаңкестік шабуылдар саны күрт өсті




Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының сайлауалды митингі кезінде болған жарылыстан кем дегенде 44 адам қаза тапты. Шабуылды елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын жиһадшылар тобы ұйымдастырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BBC Russian-ға сілтеме жасап.



Түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, зардап шеккендердің саны 200-ге жуық болуы мүмкін. Алайда, ауданды қоршап алған қауіпсіздік қызметі шабуыл құрбандары одан да көп болуы мүмкін деп ескертеді, өйткені митингке 500-ге жуық адам қатысты.


Жаңалықтардан жедел жәрдем көліктерінің жаралыларды жергілікті ауруханаға тасып жатқан кадрлары көрсетілді. Әсіресе ауыр жарақат алғандар тікұшақтармен Пешавар қаласындағы клиникаға жеткізіледі.



Жергілікті ауруханада зардап шеккендерді қабылдауға төсек-орын да, дәрігерлер де жетіспейді, олардың кейбіреулері дәлізде көмек күтуде.


Елдегі биліктің айтуынша, жарылыстан JUI-F-тің аймақтық жетекшісі Маулан Зиаулла да қайтыс болды, өйткені жарылыс ол жақтастарына сөз сөйлеп тұрған сәтте болды.


JUI-F-ірі діни саяси партия және Пәкістан Парламентіндегі үкіметтік коалицияның құрамына кіреді. Хар қаласындағы митинг осы жылдың күзінде өтетін елдегі жалпы парламенттік сайлау қарсаңында ұйымдастырылды.


Пәкістан аумағында жұмыс істейтін экстремистік топтардың ешқайсысы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.


Жақын маңдағы Ауғанстанда тәліптер билікке оралғаннан кейін Пәкістанда лаңкестік шабуылдар саны күрт өсті. Әскерилер содырлар Ауғанстанда орналасқан, сол жерден Пәкістан территориясына шабуыл жасайды дейді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пәкістан #Митинг #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);