AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Өз елім» атты концерт өтті

«Өз елім» атты концерт өтті

Әлеумет 25.10.2024, 14:06 1,305 Ернұр РЫСБАЙ.
«Өз елім» атты концерт өтті
Суреттерді түсірген - Самат Құсайынов

Республика күніне орай Нұрғиса Тілендиев атындағы мемориалдық мұражайда «Өз елім» атты мерекелік іс шара өтті.

Концерттің негізгі мақсаты - тұрғындар арасында патриоттық сезімді арттыру. Шара барысында өнерпаздар композитор, халық қаһарманы Н.Тілендиевтің туындыларын орындап, көрерменнің көңілінен шықты.

– Бүгінгі іс шараның негізгі мақсаты - Республика күнін үлкен деңгейде атап өту, Н.Тілендиевтің мемориалдық музейінің бар екенін көрсету, композитордың шығармаларын таныту. Бүгінгі концертте Құрманғазы атындағы консервоторияның студенттері өнер көрсетті. Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні», «Туған ел» т.б әндері шырқалды. Бұл мемориалдық музей 2014 жылы ашылды. Кез келген адам келіп көре алады. Оқушыларға кіру тегін, – деді Н. Тілендиев атындағы мемориалдық музейінің экскурсоводы Мөлдір Зікірбай.

Әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын халық сүйіп тыңдайды. Оның шығармашылығын бағалайтын және насихаттайтын адам жетерлік. Солардың бірі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының стажер солисті Шыңғыс Нұрғалиұлы. Ол ұлы тұлғаның әндеріне деген махаббаты бөлек екенін айта кетті.

– Нұрғиса Тілендиев атамыз әрбіріміздің жүрегімізде деп ойлаймын. Осындай керемет мерекеде осы мұражайға келіп, ол кісінің заттарын көріп шабыттандым. Өте әсерлі сәт деуге болады. Бұндай ұлы тұлғалардың есімі ешқашан өшпейді деген сенімдемін. Әрбір әнінің өзіндік мән мағынасы бар, – деді ол.

Елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеген бұл концерт көрермендерге рухани азық сыйлап, өнер мен патриотизмнің маңыздылығын ұмытпауға шақырды.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республика күні #тілендиев #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);