ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Отыз жылда 1 миллион 84,7 мың этникалық қазақ отан...

Отыз жылда 1 миллион 84,7 мың этникалық қазақ отанына оралды

Тәуелсіздік-30 12.10.2021, 03:46 1,124
Отыз жылда 1 миллион 84,7 мың этникалық қазақ отанына оралды
Inform.kz
Биыл 14 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 14 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды



2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 14 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы алғанда, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 84,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.


Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,4%-ы – Қытайдан, 6,4%-ы – Түрікменстаннан, 2,5%-ы – Моңғолиядан және 5,4%-ы басқа елдерден келген.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28%), Маңғыстау (19,3%), Түркістан (13,5%) және Жамбыл (8,1%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды.


Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 27,9%-ды және зейнеткерлер 17,1%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары білімі, 39,8%-ының орта кәсіби білімі, 45,5%-ының жалпы орта білімі бар және 3,6%-ының білімі жоқ.


Этникалық қазақтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету шеңберінде жыл сайын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленеді. Өңірлік квота шеңберінде 720 этникалық қазақ (Ақмола облысы – 92 адам, ШҚО – 121 адам, Қостанай облысы – 117 адам, Павлодар облысы – 328 адам және СҚО – 62 адам) көшуге субсидия: отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен (204,1 мың теңге) келетін біржолғы төлем алды, сондай-ақ 12 ай бойы отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі (43,7-ден 87,5 мың теңгеге дейінгі) мөлшерде ай сайынғы төлем алды.


Сонымен қатар, қандастарға жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй беру және жұмысқа орналастыру бойынша қолдау көрсетеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.