Сонымен қатар, 33 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 061 дерегі анықталды. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 252 өрескел бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
көлік құралын масаң күйде басқару – 7 дерек;
көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы – 2 дерек;
жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын басқару – 3 дерек;
маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашки») – 68 дерек;
қауіпсіздік белдігін тақпау – 128 дерек;
қарсы қозғалыс жолағына шығу – 9 дерек;
көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 35 дерек.
Сонымен қатар, 33 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.