AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өткен тәулікте 357 адам құтқарылып, эвакуацияланды

Өткен тәулікте 357 адам құтқарылып, эвакуацияланды

Әлеумет 03.01.2024, 05:12 1,360
Өткен тәулікте 357 адам құтқарылып, эвакуацияланды
Сурет: Gov.kz

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 177 оқыс оқиға орнына барды. 


Оның 82-сі өрттер мен жану оқиғалары болса, 95-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 357 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz cала министрлігінің ресми ақпаратына сілтеме жасап. 


Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған автокөліктерден 20 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Сонымен қатар, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен және полициямен бірлесіп блокпосттардың жабық пункттерінен жақын маңдағы елді мекендер мен жол бойындағы кемпингтерге 287 адам, оның ішінде 29 бала эвакуацияланды.


Облыстық маңызы бар «Курчатов – Семей» автожолында көлік қозғалысының жабылуына байланысты Абай облысы ТЖД күштері 5 адам, оның ішінде 1 бала уақытша орналастыру пунктіне бірге жүріп барды. Семей қаласында ТЖД құтқарушылары Шүлбі су қоймасында автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 2 балықшыны құтқарды. Құтқарылғандар Семей қаласына жеткізілді.


Жетісу облысының Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 130 км Жалаңашкөл учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған екі жеңіл автокөліктен 3 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді.


Ақмола облысы Аршалы ауданы Түрген ауылына жақын жерде іздестіру-құтұару жұмыстары жүргізілді. Екі ер адам атпен мал іздеп шығып, жоғалып кеткен. Іздеу тобы жоғалған адамдарды Түрген ауылынан 15 км қашықтықта тапты


Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, полиция бөлімінің, жергілікті тұрғындардың күшімен 2 қаңтарда «Бекше» қыстағынан Ынтымақ ауылына қарай шығып, жоғалып кеткен ер адамды іздеу жүргізілді. Іздеу тобы жоғалған адамды 3 қаңтарда «Бекше» қыстауынан 10 км қашықтықта тапты.


Сонымен қатар, Қарағанды және Ақмола облыстарында «Алматы-Екатеринбург», «Щучинск-Астана» автожолдарында автокөліктер соқтығысқан кезде 26 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.


ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.


Сонымен қатар, құтқарушылар ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #құтқару #өрт #іздестіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);