конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Өткен жылы 41,4 млрд теңгеге баға негізсіз көтеріл...

Өткен жылы 41,4 млрд теңгеге баға негізсіз көтерілген

Заң мен тəртіп 10.01.2024, 12:43 1,175
Өткен жылы 41,4 млрд теңгеге баға негізсіз көтерілген
Сурет: ашық дереккөз

Өткен жылы мемлекеттік сатып алу кезінде 41,4 млрд теңгеге баға негізсіз көтерілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Kazinform. 




«2023 жылы мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында 41,4 млрд теңге сомасына бағаны негізсіз көтеру фактісінің алды алынды. Мемлекеттік қызметшілер көбінесе кеңсе тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, компьютерлік техника мен азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде бюджет көлемін көбейткен. Сатып алуға бөлінген негізсіз соманы әкім аппараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары енгізген», - деді ол ведомствода өткен брифингте.



Мысалы, оның дерегінше, 2023 жылдың наурыз айында Қостанай облысына қарасты аудандық білім бөлімі литрі 580 теңге тұратын жазғы дизель отынының 43 мың литрін сатып алуды жоспарлаған. Осы уақытта аталған отын литрінің құны 250 теңгеден төмен болған. Яғни, екі есеге қымбатқа сатып алмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуы нәтижесінде 14,8 миллион теңге сомасында шығынға жол берілген жоқ.



«Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 15 миллион теңгеге 3 мың дана бір реттік қорғаныш медициналық костюм жиынтығын сатып алмақ болған. Осындай көлемдегі тауардың нарықтағы орташа құны 6 миллион теңгені құрайды. 9 миллион теңге көлемінде үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды. Былтыр маусым айында Абай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйым басшысына 2 млн теңгеге жиһаз сатып алуды жоспарлаған. Бұл – нарықтық бағадан бір жарым есе қымбат. Сатып алу процесіне араласқаннан кейін жиһаздың бағасы 700 мың теңгеге төмендетіліп, 1,3 миллион теңгеге сатып алынды», - деді Арман Тілеукенов. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік сатып алу #баға #Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);