ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Отбасы күні қарсаңында Елордада 7 жұп некелерін қи...

Отбасы күні қарсаңында Елордада 7 жұп некелерін қиды

Тәуелсіздік-30 09.09.2021, 13:38 1,466
Отбасы күні қарсаңында Елордада 7 жұп некелерін қиды
Сурет: 24.kz
Елімізде жыл сайын жүз мыңға жуық жұп шаңырақ көтереді

Елімізде жыл сайын жүз мыңға жуық жұп шаңырақ көтереді


Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бәйтерек» монументінде 7 жас жұбайдың неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Омаров пен Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов қатысты.



«2013 жылдан бастап Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні мерекеленеді. Қазақстанда отбасын дамыту мен қолдауға мемлекет көп көңіл бөледі. Жыл сайын Қазақстанда 100 мыңға жуық жұп неке құрады. Өткен жылдың өзінде Нұр-Сұлтанда 10 500-ден астам неке қиылды. Шаңырақ көтеріп отырған жастардың ұзақ өмір сүріп, көпбалалы, бақытты ата-ана болуын тілеймін. Мемлекет сіздерді қолдауға әрдайым дайын», – деді Асқар Омаров.



Сарапшылардың айтуынша, елордада тіркелген некелер саны үнемі өсіп келеді, ал жастар отбасын құру мәселесіне саналы түрде қарайды.



«Қазір шаңырақ көтеретіндер қатары артып келеді. Бұл өте қуантарлық жайт. 2019 жылмен салыстырғанда, бізде неке қию көрсеткіші 3 мыңға артты. Бұл жастардың отбасын құруға саналы түрде қарай бастағанын білдіреді. Қуантарлығы, олардың жасы бүгінде 25-28 жасты құрайды, бұл олардың білім алып, тұрақты жұмысы болатын кез», – деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігі аппаратының АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.



Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Жыл сайын Отбасы күніне орай Нұр-Сұлтанның барлық ауданында бірінші кезекте отбасы статусын арттыруға, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға, жастардың бойында жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған естелік іс-шаралар өткізіледі.


Осы күнді мерекелеу аясында Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сегіз жыл бойы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіліп келеді. Ол өңірлік және республикалық деңгейлердегі бірнеше кезеңнен тұрады. Осы жылдың өзінде елордада оған қатысуға 120 отбасы өтінім берді, оның ішінде еңбек әулеттері, көп балалы отбасылар, кәсіпкерлер, әртүрлі салаларда жоғары жетістіктері бар спортшылар және т.б.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.