Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / "Отбасы банк" ұлттық институтқа айналмақ

"Отбасы банк" ұлттық институтқа айналмақ

Әлеумет 10.03.2022, 11:03 1,454
"Отбасы банк" ұлттық институтқа айналмақ
Сурет: Уandex.kz
Оның негізгі міндеті республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастарын дамыту болады.

Оның негізгі міндеті республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастарын дамыту болады.


"Отбасы банкін" екінші деңгейдегі банктер жүйесінен шығарып, оған тұрғын үйді есепке алу, қою және бөлуді орталықтандыратын ұлттық даму институты мәртебесін беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты. 


Бұл ретте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк кейбір мәселелер бойынша (мысалы, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бақылау мен қадағалау) жұмыс жүргізе береді. 



«Отбасы банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, депозиттерді қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, кассалық операциялар, банктік қарыз операциялары, салымшыларға тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру сияқты банктік және басқа да операцияларды агенттіктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын болады», - деп жалғастырды Дауылбаев. 



Жаңа механизмге сәйкес, әкімдіктерде кезекте тұрғандардың базасы "Отбасы банкіне" беріледі және онда есепке қою тоқтатылады.


«Отбасы банк базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, оған тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат енгізіледі. Әрбір өтінімге отбасының табысын, мүлкі мен активтерін ашатын цифрлық портреті қалыптастырылады», - деп түсіндірді ИИДМ өкілі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.