AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық туроператорлар Бейжіңде өтіп жатқан көрмег...

Отандық туроператорлар Бейжіңде өтіп жатқан көрмеге қатысуда

Әлеумет 17.11.2023, 12:07 1,425 Almaty-akshamy.kz. 
Отандық туроператорлар Бейжіңде өтіп жатқан көрмеге қатысуда
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан COTTM (China outbound Travel&Tourism) халықаралық көрмесіне отандық делегация қатысып, шетелдіктерге еліміздің туристік әлеуетін кеңінен таныстырды.


Жалпы көлемі 96 ш.м. құрайтын қазақстандық стендті Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism ҰК», Алматы қаласы мен Алматы облысының туризм басқармалары ұйымдастырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



««Kazakh Tourism» және Алматы қаласы және Алматы облысының біріккен стенді қытайлық туркомпаниялардың ерекше ықыласына ие болды. Өзара визасыз режимнің енгізілуіне және 2024 жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына орай біз екі елдің туристік нарығы тарапынан белсенділік артқанын байқап отырмыз», - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.



Қазақстанның ұлттық стенді бай мәдени бағдарламасының нәтижесінде көрмеге келушілер арасында кеңінен танылды. Қазақ батырларының бейнесі, сондай-ақ домбыра мен қобызда орындалған ұлттық күйлер туристердің көңілін өзіне аударды. Сондай-ақ стендке келушілер ұлттық тағамдарымыздан дәм татты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлемдік пандемиядан кейін елімізге саяхаттайтын Қытай туристерінің ағыны қалпына келе бастады. Мәселен, өткен жылы Қазақстанның қонақ үйлеріне 45 мыңға жуық қытайлық турист тоқтаған болса, биыл олардың саны саны екі есеге өсіп, eQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес 10 айдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарында 84 мыңнан астам турист тіркелген.

Делегация құрамына Қазақстанның туристік индустриясының 25 өкілі, атап айтқанда 18 туроператор, 5 қонақ үй, 1 сауда орталығы және Global blue Tax free енді.

Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара визасыз режим биылғы 10 қарашада күшіне енді. Сонымен қатар 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Соның шеңберінде туризм және спорт министрлігі қытайлық туристерді Қазақстанға тарту үшін іс-шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.

Қытайдағы халықаралық туристік көрме – шығу туризмі мен шетелде демалуға бағытталған. Көрмеге жыл сайын ҚХР-дан 5000 туризм мамандары қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #туроператор #турист #Әлеует #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);