ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Отандық өндіріске мемлекеттік қолдау қажет

Отандық өндіріске мемлекеттік қолдау қажет

Сайлау-2023 11.11.2022, 10:19 1,115
Отандық өндіріске мемлекеттік қолдау қажет
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Семей қаласындағы «Qazaq Astyq group» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Былтыр іске қосылған...

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Семей қаласындағы «Qazaq Astyq group» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Былтыр іске қосылған өндіріс ошағы майлы дақылдарды өңдеу бағытындағы ірі әрі заманауи зауыттардың бірі.


Кәсіпорындағы күнбағыс шикізатын өңдеу қуаты тәулігіне 1000 тоннаны құрайды. Дайын өнім отандық нарықтан бөлек, ТМД елдеріне экспортталады. Қазіргі уақытта зауытта 400-ге жуық адам еңбек етеді.


Кандидатпен кездесу барысында зауыт ұжымы өздерінің түйткілді мәселелерін баяндап, шешу жолдарын бірлесе қарастыруға ниет білдірді. Зауыт басшылығының айтуынша бүгінде толықтай өндірістік қуатқа шығу мүмкіндігі болмай отыр. Оған себеп кезінде Украина елінен сатып алынған жабдықтарға сәйкестік сертификатының жоқтығы.


Өз кезегінде Жигули Дайрабаев отандық өндіріс саласының дамуына үлес қосып жүрген әрбір кәсіпорынға мемлекет қолдау көрсету қажет екендігіне баса назар аударды.



«Еліміздің өсімдік майы өндірісінде әлемдік деңгейге көтерілуіне күмән жоқ. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне үлкен көлемдегі экспортқа шығуға мүмкіндік бар. Өз кезегінде мемлекеттің саясаты егістік алқабын әртараптандыруға және май дақылдарын өсіруді субсидиялауға бағытталуы тиіс. Осылайша осы сектордағы импорттың үлесін азайтуға және жеке қайта өңдеуші өндіріс ошақтарын дамытуға септігіміз тиеді», – дейді Жигули Дайрабаев.



Жиын соңында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, саланы дамыту жолындағы жоспарларымен бөлісті. Ал, зауыт ұжымы Жигули Дайрабаевтың бастамаларын қолдап, іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендіктерін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.