AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық көліктерді Өзбекстанға жеткізуге квота бөл...

Отандық көліктерді Өзбекстанға жеткізуге квота бөлу мәселесі талқыланды

Әлеумет 27.09.2022, 14:33 1,183 Almaty-akshamy
Отандық көліктерді Өзбекстанға жеткізуге квота бөлу мәселесі талқыланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі


Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері Қазақстанда өндірілген автомобильдерді Өзбекстанға жеткізуге квота бөлу, қазақстандық ұн транзиті үшін өзбек тарапынан Ауғанстанға жеңілдіктер беру мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Рrimeminister.kz сайтында мәлім етілгендей, Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жәмшид Ходжаевпен кездесті.


Тараптар жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша тетіктерді жасау, Қазақстанда өндірілген автомобильдерді Өзбекстанға жеткізуге квота бөлу, өзбек тарапының Ауғанстанға қазақстандық ұн транзитіне жеңілдіктер беру мүмкіндігі, әуе рейстерінің жиілігін арттыру және басқа да көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


Екіжақты кездесу барысында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасына ерекше назар аударылды. Тараптар жыл соңына дейін жобаны іске асыруды бастау үшін құқықтық негізді қалыптастыру процесін аяқтауға келісті. Қазіргі уақытта әлеуетті қазақстандық инвестор халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы жобасына басқарушы компания ретінде қатысуға және өз қаржыландыруы есебінен оны іске асыруға белсенді қызығушылық танытып отыр.


Еске салайық, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасы – алдағы 5 жылда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымын 10 млрд долларға дейін жеткізу бойынша практикалық іс-қимыл жоспарының («Жол картасы») негізгі элементтерінің бірі. Жоба ұзақ мерзімді. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 негізгі кезеңді және 20 нақты іс-шараны қамтиды.


Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 7 айдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26,3% өсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Өзбекстан #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);