Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Отандық IT мамандары «Қызықты ономастика» мобильді...

Отандық IT мамандары «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын іске қосты

Әлеумет 22.01.2024, 04:51 908
Отандық IT мамандары «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын іске қосты
Сурет: Gov.kz

Еуразия ұлттық университетінің IT мамандары қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тегін цифрлық өнімдер жасауда.


«Қызықты ономастика» жаңа мобильді қосымшасы адам есімінің, географиялық нысандардың, жануарлар мен құстардың мағынасы мен шығу тегін білуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ЕҰУ IT мамандары қазақ тілінде «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын әзірледі. Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Олар 100-ден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған және бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналды. Мобильді қосымшаны пайдаланушыларға сәбиіне есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білу мүмкіндігі де ұсынылған.



«Президент өз сөзінде мемлекеттік тілде цифрлық өнімдерді арттырудың маңыздылығын атап өтті. Біз көпшілік үшін ыңғайлы «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын іске қостық. Барлық атаулар семантикалық қасиеттері бойынша топтастырылған, бұл - біздің жобамыздың бірегейлігі. 1,5 жыл бойы табанды еңбек еттік, көптеген жұмыстар мен материалдар зерттелді. Біздің қосымшамыз әйел мен ер адамдар есімдерінің шығу тілін, этимологиясын білуге мүмкіндік береді. Егер сіздің есіміңіз бірнеше сөзден тұрса, олардың әрқайсысының жеке мағынасын таба аласыз. Сондай-ақ цифрлық платформада алфавит бойынша сұрыптау бар, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін іздеу тарихы сақталады және сіз таңдаған есімдерді бөлек сақтауға болады», - деп атап өтті жоба жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры Гүлмира Бекманова.



Цифрлық платформада ыңғайлы навигация және жылдам іздеу жүйесі бар. Мобильді қосымша қазір Android платформасында қолжетімді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#IT мамандары #қызықты ономастика #Мобильді қосымша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.