AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және техн...

Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері марапатталды

Әлеумет 05.05.2025, 16:30 882
Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері марапатталды
Сурет: Gov.kz

Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық наградалармен марапаттады.

Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Министр ұстаздарды мерекемен құттықтап, жастарды азаматтық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеуде олардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп спорт секцияларын дамыту, АӘТД кабинеттерін жабдықтау, әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастыру, «Жас сарбаз» қозғалысын қолдау және кадрлар даярлау сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде 5 мыңға жуық АӘТД пәнінің мұғалімі қызмет етуде. Бұл пән жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке баулып, әскери қызмет пен Отанға деген құрметті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сіздер – елін сүйетін, бейбітшілікті қадірлей білетін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, ерлік пен азаматтық борыштың мәнін ұғындырып келесіздер», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.

Кәсіби шеберлігі мен тәрбие ісіне қосқан үлесі үшін 9 педагог «Еңбек ардагері» медалімен, ал 30-дан астам мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отан қорғаушылар күні #Марапат #АӘД мұғалімдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);