AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / ОСК «Ақжол» демократиялық партиясының партиялық ті...

ОСК «Ақжол» демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді

Сайлау-2023 13.02.2023, 11:50 1,343
ОСК «Ақжол» демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді
Сурет: Gov.kz

«Ақжол» ҚДП 54 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынды.


Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына «Ақжол» демократиялық партиясынан кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 6 ақпанда "Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі партиялық тізімді ұсыну туралы құжаттарды тапсырды. ОСК "Ақжол" демократиялық партиясы ұсынған кандидаттардың Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша қажет рәсімдерді жүргізді.


ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов тіркеуге бір саяси партиядан бір ғана тізім рұқсат етілгенін атап өтті. Партиялық тізімде үш санат өкілдердің саны (әйелдер, 29 жасқа толмағандар және мүгедектігі бар адамдар) 30 пайыздан кем болмауға тиіс.



"Ақжол" ҚДП 54 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынды. Тізімге 18 әйел, жастар өкілдері және мүгедектігі бар адамдар кірген, бұл тізімге енгізілген жалпы санның 33,3%-ына тең. ОСК уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлау үшін тізімге енгізілген адамдардың сәйкестігін тексерді. Тізімге енген барлық тұлға Конституцияның және Сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді Асылбек Смағұлов.



ОСК хабарлағандай, партиялық тізім ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін партия қаражатынан ОСК шотына ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде (1 050 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі керек. Бұл ретте Парламент Мәжілісі депутаттарының бұрынғы сайлауында 5% және одан да көп дауыс алған партиялар сайлау жарнасын төлемейді.



«2021 жылғы қаңтарда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда "Ақжол" демократиялық партиясы 10,9% дауыс жинады, осылайша "Ақжол" партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылды», - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #ақжол #оск
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);