ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / ОСК Amanat партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

ОСК Amanat партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Сайлау-2023 15.02.2023, 05:09 1,068
ОСК Amanat партиясының кандидаттар тізімін тіркеді
Сурет: Sputnik.kz
Партиялық тізімге 90 адам енгізілген.

Партиялық тізімге 90 адам енгізілген.


Орталық сайлау комиссиясы Amanat партиясының алдағы Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттарын тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, Amanat партиясының партиялық тізіміндегі 90 адамның 29-ы – әйелдер, қалғаны - жастар мен мүгедектігі бар адамдар. Бұл тізімге енгізілген кандидаттардың жалпы санының 32,2%-ін құрайды.



"Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың Конституция мен "Сайлау туралы" заңның талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституция және "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді", - деді Ерман.



Заңнамаға сәйкес, саяси партия партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін сайлау жарнасын төлеуі керек. Ол ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне, яғни 1 050 000 теңгеге тең.


Алайда Парламент Мәжілісінің алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан көп даусын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.



"2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Мәжіліс сайлауында Amanat (бұрынғы "Нұр Отан") партиясы сайлаушылардың 71,9 пайыз даусын жинады. Осыған байланысты Amanat партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады", - деді ОСК хатшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.