Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Орталықтандырылған сумен қамту және кәріз жүйесі м...

Орталықтандырылған сумен қамту және кәріз жүйесі мәселесін инвестор тарту арқылы шешілуде

Әлеумет 24.08.2023, 03:41 886
Орталықтандырылған сумен қамту және кәріз жүйесі мәселесін инвестор тарту арқылы шешілуде
Сурет: ашық дереккөз

Халықты орталықтандырылған сумен қамту және канализация ауданды сәтті дамытудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады


Ақжар және Шұғыла шағын аудандарының тұрғындары 20 жылға жуық уақыт бойы көктемгі-жазғы кезеңде ауыз су тапшылығының зардабын тартып келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



 Осы тұрғындардың жиі жіберген өтініштерін ескере келе, әкімдік жеке инвестор «Qazaq Stroyды» тарта отырып, жоба әзірленді, осы жылдың наурыз айынан бастап 6 ай бойы іске асырылды.  5,4 шақырым магистралды су құбыры, сорғы станциясы және су резервуарлары салынды. Осы жылғы 1 тамыздан бастап абоненттер қосыла бастады. 22 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған суға қол жеткізетін болады, деді қала әкімі Е.Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде.



Инженерлік желілердің екінші кезегінің жобасы аяқталғаннан кейін осы шағын аудандардың тағы 13 мың тұрғыны сапалы сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 2024 жылы екінші каскадты сорғы станциясы мен контр-резервуар салу арқылы Таужолы, жоғарғы және төменгі Тастыбұлақ шағын аудандарының тұрғындарын (шамамен 20 мың тұрғын) сумен қамту мүмкіндігі пысықталуда. Жоба 2024 жылғы III тоқсанда аяқталмақ. 


Ақжар, Шұғыла және Таусамалы шағын аудандарында да жалпы ұзындығы 105,9 шақырым болатын (71,6 км су құбыры, 34,3 канализация) су құбыры және кәріз желісінің құрылысы жүргізілуде.


Ақжар шағын ауданында жоспарланған 34,7 шақырымның 28 шақырымына су құбыры және канализация желісі салынды. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Шұғыла шағын ауданы бойынша осы жылдың қыркүйегіне дейін 28 шақырым су құбыры және канализация желісінің құрылысы аяқталады. Таусамалы шағын ауданы бойынша жоспарланған 43,2 шақырымның 38,6 шақырымына су құбыры және канализация желісі салынды. Осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Аталған объектілерді аяқтау Наурызбай ауданының шамамен 55 мың тұрғынын сумен қамту және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Мемлекеттік басқаруды децентрализациялау аясында инженерлік желілерді салу аудандық әкімдіктерге берілді. Мәселен, Наурызбай ауданының әкімдігі 2024 жылдың ІІ-ші тоқсанында  Ақжар шағын ауданында 44,5 шақырым су құбыры, 37,5 шақырым кәріз жүйесі, Қарағайлы шағын ауданында 25 шақырым су құбыры, 23 шақырым кәріз жүйесі, Тастыбұлақ 88 шақырым су құбыры, 57 шақырым кәріз жүйесі, Таусамалыда 30 шақырым су құбыры, 30 шақырым канализация шағын аудандарында  жаңа инженерлік желілерді салып бастауды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыз су #Кәріз жүйесі #Наурызбай ауданы #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.