ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Орталық сайлау комиссиясы референдумның қалай өтет...

Орталық сайлау комиссиясы референдумның қалай өтетінін түсіндірді

Әлеумет 06.05.2022, 06:56 1,054
Орталық сайлау комиссиясы референдумның қалай өтетінін түсіндірді
Сурет: 24.kz
Арнайы қаулы қабылданды.

Арнайы қаулы қабылданды.


Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заң айқындайтынын атап өтті. 


Конституциялық Заңның 20-бабына сәйкес, референдумға дайындық пен оны өткізуді Орталық референдум комиссиясының қызметін атқаратын ҚР Орталық сайлау комиссиясы және аумақтық референдум комиссияларының қызметін атқаратын аумақтық сайлау комиссиялары және учаскелік референдум комиссияларының қызметін атқаратын учаскелік сайлау комиссиялары жүргізеді. 


Отырыста республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жобасы шығарылды. 


Осылайша аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында – 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жариялануға тиіс. 


Референдум учаскелерінің аумағы туралы хабарламалар да осы уақытта БАҚ-та жариялануы керек. 



«Үгіттеу жұмыстары референдум тағайындалғаннан сәтте басталып, дауыс берудің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады. Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне әрбір учаске бойынша әкім қол қояды және хаттама бойынша бұл тізім 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей ұсынылады», - деді Константин Петров Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста. 



Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен мекенжайы туралы азаматтарды 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етеді. 


Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялар дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін референдум өткізеді. 


Дауыс беру қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады және хаттамамен рәсімделеді. 


Оған Орталық референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері қол қояды және қаулымен бекітіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.