ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей бірлескен жоба

Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей бірлескен жоба

Білім және ғылым 26.09.2023, 03:46 1,344
Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей бірлескен жоба
almaty-akshamy.kz
Абай университетінің Сорбонна–Қазақстан институтында Францияның Орталық Азияны зерттеу институты (IFEAC) мен Францияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Орталық Азияның...

Абай университетінің Сорбонна–Қазақстан институтында Францияның Орталық Азияны зерттеу институты (IFEAC) мен Францияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Орталық Азияның Француз зерттеулері: қатысушылар және өзекті ахуалы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.



Абай университеті өз алаңында француз зерттеушілері арасындағы ғылыми диалогты байыту, білім көкжиегін кеңейту, белсенді білім мен тәжірибе алмасу мақсатында жетекші отандық және француз зерттеушілерінің басын қосты. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы- ректоры Болат Тілеп, Францияның Қазақстандағы елшілігінің білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллек, Сорбонна–Қазақстан институтының директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Айнұр Сәбитова, француз ғалым- дары – Сорбонна–Қазақстан институтының негізін қалаушылардың бірі Катрин Пужоль, IFEAC директоры Адриен Фов, институттың әріптес-профессоры Оливье Феррандо, Орталық Азия тарихы бойынша көптеген еңбектердің авторы Ксавье Аллез, жас зерттеушілер мен докторанттар қатысты.



Болат Тілеп семинардың маңыздылығына тоқталып, Сорбонна–Қазақстан институтын бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей бірлескен жоба екенін атап айтты. «Осы уақыт ішінде институт сүбелі жетістікке жетті. Атап айтқанда, қос дипломдық бағдарлама мен студенттердің өзара алмасу тәжірибесі жаңа деңгейге көтерілді. Институт жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар алаңы мен түлектеріміз үшін жаңа кәсіби баспалдақ болды. Десек те, бүгінде университет пен елдің өз талабы, нақты мүддесі бар. Бұл – Сорбонна–Қазақстан институтына ерекше жауапкершілік жүктейтін жаңа формациядағы педагогтарды даярлау. Француздық әріптес терімізбен бірге ғылыми-зерттеу мен білім беру бағдарламасы, соның ішінде тіл білімі саласында үлкен бастамаларды көтеретін уақыт келді деп ойлаймын», – деді ректор.


Семинарда осы саладағы зерттеудің өзекті тақырыбы талқыланып, заманға сай зерттеу бағыттарына шолу жасалды, Орталық Азиямен байланысты ғылыми жұмыс пен жобалар ұсынылды. Қатысушылар арасындағы пікірталас пен диалогтар тәжірибе мен идея алмасуға қызмет етті. Семинардың қос тарапқа да өте жемісті әрі пайдалы болғаны айтылды.



 


Тақырыпқа орай


ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМИДЫ


«Сорбонна–Қазақстан институтының негізін қалаушылардан Қазақстан мен француз ғалымдарының ынтымақтастығы жайында сұрадық: «Бүгін – ерекше күн, өйткені бүгінгі семинарда француз зерттеушілерін кездестіруге болады. Бұл – бірнеше күннен бері Алматыда өтіп жатқан ғалымдардың үлкен съезі. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жаңа ректорын қарсы аламыз. Бұл – біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі, ISK-ның да, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың да одан әрі дамуына жаңа серпін бергенін қалаймыз. ISK студенттерімен бірге жұмыс істейтін зерттеушілерді Францияда жұмысқа орналасуы мен оқуына жол ашатын жаңа перспектива күтуде. Француз университеттерінің кейбір оқытушылары ISK мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп жұмыс істеуде. Біз ISK студенттерінің осы алмасуға қатысу мен осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндігіне ие болғанын қалаймыз», – деді Катрин Пужоль мырза.


А.ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.