ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Орталық Азияда ең үлкен кинотеатр ашылды

Орталық Азияда ең үлкен кинотеатр ашылды

Мәдениет 22.12.2023, 12:39 1,455
Орталық Азияда ең үлкен кинотеатр ашылды
Сурет: ашық дереккөз
Алматыдағы Aport East молында лазерлі IMAX кинозалы ашылды. Ол HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында орналасқан.

Алматыдағы Aport East молында лазерлі IMAX кинозалы ашылды. Ол HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында орналасқан.


Еске сала кетейік, қаланың шығыс қақпасындағы Құлжа жолында орналасқан молл 21 қазанда ашылған болатын. IMAX кинозалы көлемі бойынша Орталық Азияда ең үлкені саналады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Ол заманауи технологиялармен жабдықталған. Ал экранының биіктігі – 14, ені – 25 метр. Еліміздегі алғашқы лазерлі IMAX кинозалы – Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының ең үлкен жобасы. Озық технологиямен жабдықталған залға 480 көрермен сыяды. Нақтырақ айтсақ, лазерлі проекциялық жүйе, 12 каналды дыбыс және биіктігі 14, ені 25 метрлік экран бар. Мұндай залда кино көрудің өзі бір ғанибет. 



Дмитрий Ревин, Aport молдары бас директордың инвестициялар және бизнесті дамыту бойынша орынбасары: - Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы әрі бірегей жоба. Өйткені соңғы IMAX залы 11 жыл бұрын ашылған болатын. Жаңа зал толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. 377 шаршы метрлік экран, 12 каналды дыбыс және басқа да құрылғылар – әлемдегі үздік өндірушілердің өнімі.



6680 шаршы метрлік HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында IMAX кинозалынан өзге тағы 15 жайлы зал бар. Ірі жобаны Halyk Bank қаржыландырған. Кинотеатр аумағында көрермендерге арналған Tiger Coffee&Food мейрамханасы бар. Қонақтар тамақ пен сусынды онлайн сатып ала алады. 



Ерлан Бұхарбаев, Kinopark & Kinoplexx Theatres PR-директоры: - Жаңа кинотеатр 16 кинозалдан тұрады. Соның бірі – 480 орындық IMAX. Мұнда голливудтық, еуропалық және отандық жаңа кинолар көрсетіледі. Сонымен қатар премьералар осы кинотеатрда өтеді. 



Aport East моллының аумағы 150 мың шаршы метр. Мұнда брендік дүкендер, дәмханалар желісі, ойын алаңы бар. Kinopark-Kinoplexx компаниясы IMAX залында ресми және арнайы көрсетелімдер өткізбек. Нақтырақ айтсақ, деректі фильмдер мен сала мамандарына арналған шеберлік жұмыстар ұсынылады. Көрермендер 3D форматтағы картиналарды да тамашалай алады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/zharnama/item/632006-almatyda-ortaly-aziyada-y-e-lken-imax-kinozaly-ashyldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.