Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Орталық Азияда бір адам тәулігіне 3 мың калория та...

Орталық Азияда бір адам тәулігіне 3 мың калория тамақ ішеді

Әлеумет 09.03.2023, 17:56 831
Орталық Азияда бір адам тәулігіне 3 мың калория тамақ ішеді
Сурет: Recordregion.ru

Ал АҚШ тұрғындары бұдан 800 калория көбірек тұтынады екен.   


Ourworldidata әлем халықтарының азығын саралап, арнайы рейтинг жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.


Ең жоғары калориялы тағамды еуропалықтар сүйсіне жейтін болып шықты: орташа есеппен жан басына шаққанда тәулігіне - 3,4 мың ккал. Одан кейін Америка (адам басына орташа есеппен тәулігіне 3,3 мың ккал) және Океания (3,1 мың ккал) келеді.


Азия елдеріндегі тағамның калориялығы әлемдік орташа көрсеткішке сәйкес келеді. Ал Африка елдері әлемдік көрсеткіштерден әлдеқайда артта қалған. Африкалықтар жан басына шаққанда орташа есеппен тәулігіне небарі 2,6 мың калория тұтынады екен.


Ғалымдар 2020 жылы адамға қажетті энергия алу үшін тәулігіне 1,8 мың ккал жеткілікті деп белгілеген болатын. Әлемдегі тұтынылатын калориялардың орташа саны қажетті минимумнан айтарлықтай жоғары.


2019 жылы әлем халқын ақуыздармен қамтамасыз ету тәулігіне жан басына шаққанда 81,97 граммды құрады.  2010 жылы бұл көрсеткіш 78,24 грамм, 2000 жылы 73,45 грамм болған.


Ең жоғары көрсеткіш тағы да Еуропада (тағамдағы ақуыздың 103,68 грамм), ең төменгісі Африкада (65,15 грамм) болды.  Америкада бұл көрсеткіш – 96,14 грамм, Океанияда – 95,13 грамм, Азияда – 81,89 грамм болды.



"Тәуліктік норма әлемдік орташа деңгейден сәл жоғары болды: 82,52 грамм.  Жалпы алғанда, ақуызды тұтынудың тәуліктік көрсеткіші жылдан жылға артып келеді.  Мәселен, 2010 жылы бұл көрсеткіш 78,56 грамм болса, 2000 жылы 73,51 грамм болды" - делінген зерттеуде.



Бұған қоса 2019 жылы күніне орташа май қабылдау 86,76 граммға жеткен. 2015 жылы – 82,6 грамм, 2010 жылы – 79,69 грамм, 2005 жылы – 75,15 грамм, 2000 жылы – 71,99 грамм болыпты.


Ең жоғары көрсеткіш Еуропада (тәуліктік рационда 132,97 грамм май), ең төмені Африкада (53,91 грамм) болды.  Макроөңірлердің көрсеткіштерінің айырмашылығы бірден 2,5 есені құрады.   Америкада бұл көрсеткіш 130,55 граммға, Океанияда 128,61 граммға, Азияда небәрі 80,47 граммға жеткен.


Адамға тәулігіне  87,34 грамм май тұтынуға болады.


Десе де әлем халқының шамамен 9,9%-ы аш (2019 жылғы деректер), жеген тамақтары тәуліктік нормаға жетпейді.


Сарапшылар толыққанды тамақтанбау көрсеткіші жылдан жылға төмендеп келетінін айтады, мәселен 20 жыл бұрын бұл сан 13% құраған.


Әсіресе бұл проблема Африка халықтарын жүдеткен. Құрлықтағы халықтың 21% тойып тамақ ішпек түгіл, тәуліктік норманы жеген емес, ашығып отыр. Одан кейін Азия халықтары  (9%), Океания (6,2%) және Америка (5,8%) елдері тұр. Еуропада бұл көрсеткіш небәрі 1,3%-ды құрады.


Сарапшылар соңғы онжылдықтарда Азия мен Африкада калорияларды тұтынудың айтарлықтай өскенін, соның салдарынан тамақтанбау деңгейінің төмендегенін атап өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азия #АҚШ #калория
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.