Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Оралда әскерге шақырылған жігіт қашып кетем деп үш...

Оралда әскерге шақырылған жігіт қашып кетем деп үшінші қабаттан құлап кетті

Әлеумет 05.12.2024, 18:56 596
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашып кетем деп үшінші қабаттан құлап кетті
instagram.com/tdk42tv

Оралда әскерге шақырылған жас жігіт әскери комиссариаттан қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оқиға 1 желтоқсан түні болған. Жігітті әскери комиссариатқа екі досымен жеткізген. Оның туыстарының айтуынша, шақырылған жігіт бұрын әскери қызметке шақырту алмаған және психологиялық тұрғыда әскерге дайын болмаған.

Жігіттерді үшінші қабаттағы жатақ бөлмесіне орналастырған соң, олардың бірі өз-өзін "бай адамның баласымын, айыппұлды төлеп беремін" деп таныстырған, бірақ кейін оның даяршы болып шыққаны белгілі болды. Түнде ол төсек жапқыштарды байлап, төмен түсуге әрекет жасаған. Оған артынан жігіттің достары да қосылып, бір уақытта жігіттің өзі қашпақ болған, бірақ төсек жапқыштары үзіліп кетіп, ол жерге құлап түскен. Құлаған жігіт ауыр жарақат алды: омыртқасы сынған және денесі сал болып қалу қаупі бар. Қазір оған операция жасатуға тура келеді.

Жігіттің туыстары әскери комиссариат қызметкерлерін өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған деп айыптап отыр. Олар жатақ бөлмесінде жігіттердің қашуға үгіттелгенін және бұл әрекеттің салдары ауыр болғанын атап өтті.

Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жігіттің бұған дейін 1414 байланыс нөмірі арқылы шақырту алғанын хабарлады. 2023 жылы оқуын бітірген ол әскери қызметтен босатылуға немесе кейінге қалдырылуға құқығы болмаған. 30 қарашада полиция қызметкерлері оны облыстық жиын пунктіне жеткізген. Департамент өкілдерінің айтуынша, шақырылушыларға ешқандай моральдық немесе психологиялық қысым көрсетілмеген. 

Жәбірленушіге қатысты Қылмыстық кодексінің 387-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалу мүмкін. Оған 3 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Кезекшілік атқарған қызметкердің әрекетіне қатысты ішкі тексеріс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жігіттің жағдайы медициналық қызметкерлердің бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскерге алып бару #қашу #қылмыс #құлап кету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.